Мұрағат

Archive for 2011 Шілде

Менің кіпкішкене бүркітім.

Шілде 30, 2011 Пікір қалдыру

Ағам бақшадан шықпай біреуді құғандай жүгіріп жүр.Не болды деп сұрап едім,Бір торғайдың жәнеден ұшып үйренген балапанын іздеп жүрмін деді.Басында қалжың болар дегем.Бірақ қасымнан бір нәрсе сып етті сонда білдім.Менде іздестім.Жалбыз қозғалып тұр.Барсам кіпкішкене балапан маған қарап тұр.Әрең ұстап алдым.Өзі бармақтан сәл үлкен.Менің бүркітім сол деп суретке түсіп алдық.Басында бізді жатырқады.Соңынан үйренісіп кетті.Жүндері үрпиіп тұр.Ұшып үйреніп жүріп енесінен қалып қойған көрінеді.Балапан сондай сүйкімді.Суретке түскен соң исіміз сініп қалмас үшін оны жалғыз қойдық.Кешке қарасақ балапан үйіне қайтқан сияқты орынында жоқ.

Санаттары:Әнгімелерім

Кемпірқосақты ұстап алдым.

Шілде 30, 2011 2 пікір

Далаға шықсам кемпірқосақ шығып тұр екен.Өзі айдай тұнық.Осы сәтті пайдаланып қалайық деп ағам менің суретімді алды.Мен суретте кемпір қосақты ұстап алып жібертпей қойып едім ол бытырап кетті.Сол себептен ап анық болғанда менің ұстап алғанымды біліп ренжіп қалдыма деп ойлап қоям.Бірақ кемпір қосақтың қасына тағы бір кемпірқосақ шықты қайсысын ұстарымды білмей қалдым.Әйтеуір,апам тоқаш пысырды деп санап біреуін ұстап түстім.Ұстағанда кемпір қосақтың үстінен зырғып түскендей болдым.

Санаттары:Әнгімелерім

Бекболат Тілеухан ағаға гүл ұсындым.

Шілде 30, 2011 Пікір қалдыру

Біздің аймаққа Қазақстанның атақты әншісі Бекболат Тілеуханұлы келіп театрда 2 күн концерт қойып кетті.Ол кісіні Бекең аға мен Бакір аға ертіп кепті.Қазақстан әншілерін телевиздан көргенмін , бірақ дәл көз алдымда ән салғанын Тұнығыш көруім.Бекболат аға театрды жаңғырып өзінің ұнататын әндерін домбырасын тарсылдата шертіп-шертіп орындады.Бекболат аға арасында демала қалған кезде менің ағам Нурбекте домбырамен ән салды.Көреремен жұрт Бекболаттан қалысқан жоқ -деп қол соғып бір дұрлігіп қалды.Мен Бекболат ағаға гүл апарып бердім.Аға маған:-Ой,айналайын рахмет деп искеді.Екі күнгі бұл концертте гүл ұсынғандар екеу ғана болдық,соның бірі ағам,бірі мен.Бекболат ағаның концертінде әндерінен ел жалығар емес әр әнге шапалақтарын соғып-соғып тыңдайды әндерінің саз дауысты әдемділігі көрермендерді қызықтыра түсті.Бекболат ағаның концерті сондай тамаша өтті.Енді Қазақстан әншілері біздің аймақа келіп жиі ән салып тұра берсе екен тілеймін,айтпақшы! концерт тегін болды содан ба ? елде көп жыйылыпты.

Санаттары:Әнгімелерім

Миний баскетбол.

Шілде 29, 2011 Пікір қалдыру

Қашамызда бір бос жер бар еді оған баскетбол алаңын орнатып алдық күнде кешкісін салқын түскенде маңдайымнан тер аққанша ойнаймыз.Біздің добымыздың жерге қағылған дыбысты естісе болды көрші үйдің балалары келіп бізбен қосылып ойнайды.Өзіміз жеке ойнағаннан жалықсақта көршінің балаоарымен ойнасақ жалықпаймыз.Үйткені бір бірмізді ерен басымдылықпен еш қайсысымыз жеңе алмаймыз.Мен дузка әпкеден оп оңай жеңіліп қалам.Кей кездері бәрінен жеңілу намысыма тигенде намысқа басып тырысып екі үш гол салып жіберем.Біздің көршінің тошалы үйінің қабырғасынан бір қарыс жер қалса ғой.Тұрғызған ағашығәне қалды.Біздің добымыз тие-тие батпағы түгел түсіп қалды.Көршіміз оған ашуланбайды.Ойнап-ойнап болып басқа жерге орнататын болсаңдар қабырғамды жаңалап берерсіңдер дейді.Бізге де баскетбол ойнаған бойымыздың өсуіне пайдасы тиді.Менің бойым ағама жетуге таяп қалды.Бұл миний баскетболдың арқасы!Сабақа кіргенге деиін бойым ағамнан биік болып оның төбесінен қарап жүрсем ғой шіркін.

Санаттары:Әнгімелерім

Бейтаныс кішкене қызыл шаян.

Шілде 29, 2011 2 пікір

Үй жуып жүр едім сүркішімде кішкене ғана қызыл жәндіктің жүргенін көрдім.Ешқашан ондай жәндікті көрмеппін.Бірақ шаянға ұқсатып көрдім.Оның қолы шаянға ұқсамайды,бойы да.Бірақ қолы мен бойынан басқасы ұқсайды.Көп қызықтамадым. Ағамнан сұрап көрейін дедім.Бірақ сұрамадым.Бұл шағатын жәндік болса ағам оны өлтіреді ғой.Жаным ашыды.Алғаш көрген бейтаныс кішкене қызыл шаянды қалай қиайын.Достық парызбен оны сыртқа шығарып салдым.Көп ойландым аты қалай аталады екен деп.Сол күні түс көрдім түсімде,бейтаныс қызыл жәндік маған алғысын білдіріп жатыр екен.Құмырысқалармен отан соғысында соғысып жүргенін айтты.Оянып кеттім.Сөйтсем түсім екен.

Санаттары:Әнгімелерім

Өрмекші.

Шілде 29, 2011 Пікір қалдыру

Кішкене кезімде шыбын-шіркей,өрмекші,аралардан еш қорықпаушы едім.Бұл оқиғадан кейін қорқатын болдым.Бір қызық жайт.Әкемнің шатырын тігіп ойнап отырып едік,қап-қара бүйеннің кетіп бара жатқанын көріп қорқып айқалап жіберіп ем дауысым үйге де естіліпті.Өрмекшінің басқа түрінен қорықпасам да дәл осындай қорқыныштысын көрмеген екенмін.Дауысты естіген ағам келді.Ол қара бүйенді қағазға шығарып алып үстін таспен басты.Бүйен өліп қалды.Неге екенін білмеймін жаным ашып кетті.Ағама алғысымды айттым.Ол бүйен мені шағып алса қайтер едім?

Санаттары:Әнгімелерім

Егіншілікті үйреніп жүрмін.

Шілде 29, 2011 Пікір қалдыру

Быйылғы жазғы демалысмда Егіншіліктің қыры мен сырын үйреніп жүрмін.Бұрындары картопты ағам екеуіміз немесе папамдар егетін.Ал биылғы жазда алғаш рет картопты өзім жалғыз егіп шықтым. Маған ешкімді көмектестірмеді.жалғыз егуді өзі көрсетіп бердіде кетіп қалды. Жалғыз егу қиын болмайды екен.Қалтама картортың түқымын салып алып дәу куректі жерге бойлата сүғып көтере астына картопты салып жіберем сосын жақсылап қайта көміп қоям.Папама бәрімізге бір бір егістікті жауаптандырды.Бір аптадан кейін картоптардың басы қылқиып өсіп келе жатқанын көрдім.Неткен тез өседі деп қуандым.Содан кейін көбісі шыға бастады. Әр бірі өскен сайын қуанып жұрдім.Қазір,жайқалған гүлдей жайнайды.Қолым босаса болды картоп алаңына барып бойларын өлшеп,тастан арам шөптен тазартамын.Бұл менің алғаш картопты егіп тұрғаным. Мен картоптардың өсетініне сендім.Ал папам өспейтін шығар деп ойлапты.Жайлауда жүргенімде әжем өзің ісіңе ұқыпты болсаң,ұқыптылығың ісіңді оң қылады дейтін.Міне, сол айтқаны дәл келді.Өз ісімді ұқыптылықпен атқардым сол үшін картоптарым жақсы өсіп келеді.Сабағы менің бойыма таяп қалды.Енді күзге дейін биік әрі жемісін көп берсе екен.!

Санаттары:Әнгімелерім