Мұрағат

Archive for the ‘Өлеңім өмірім,өрнектер өңірін.’ Category

Анашым

Сәуір 17, 2013 Пікір қалдыру

Әр адамға үлгі болған,
Ана деген асыл адам.
Мені бағып қаққаныңа
Асыл анам рахмет саған.
Еркелеттің «құлыным» деп
Тентегім деп «бұзығым» деп
Бетімнен қақпай өсірдің
Қателігімді кешірдің
Бала болып ойнадың меніменен
Көп көңілді күн өткіздім өзіңменен
Мейірімің көрінген жүрегіңнен
Сен болсаң жанымда көңілденем.
Әр қашан да аяулы анам мені қолдап,қорғайсың
«Қайда балам жүр екен»-деп алаңдайсың, ойлайсың
Мәңгі біздің ортамызда жүре берші жадырап
Асыл анам әр-қашанда сен бақытты болғайсың!

Әдемі түйме

Сәуір 11, 2011 Пікір қалдыру

Қалтамда небәрі жүз теңге
Оған тимес ештеңе
Қызығып соған қарадым
Нешеу екенін санадым.
Қызыққаным соншалық
Алғым келді түймені
Осы дүкен молшылық
Сыйқыры бар үй меді ?
Маған текке бермейді-ау
Көзім түскен түймені.

Ана

Қаңтар 2, 2011 Пікір қалдыру

Пәк жүректі анам бар болғанына мен қатты қуанам.Оның күлімдеп,қулыным деп шақыратыны маған қатты ұнайды.Кішкентай кезімде мені қасынан бір ел тастаған жоқ.Өзі жұмыстайтын бақшада мені тәрбиеледі. Әр-қашан қолпаштап тілеуімді тілеп отырды.Жүрген жолын гүлдендіреді.Меннен ештеңесін аяған жоқ .

Аяласын адамдар
анасын,
Еркелетсе баласын.
Тастамайды жанынан,
Ерке қызы данасын.
Айналайын анашым.

Анашым

Қараша 18, 2010 Пікір қалдыру

Ана деп соғар жүрегім

Бір өзіңді тіледім.

Өмір бойы өзіңді,

Ұмытпай жүремін.

Сағыныш

Қараша 18, 2010 Пікір қалдыру

Әкетайым әкешім

Қызыңғой бұл көкешім

Алыстасың хат  жаздым

Еркелетші еркешім

Сағат сайын сағынам

көруге сені асығам

сағынышым алаулап

сенсіз қалай басылам

айналайын көкешім

тез кел әке өтінем

сағынбауға бекінем

сабырлықты умыттым

қайда тыстап кетіп ем