Бір саусақ пионинашы.

Сәуір 15, 2014 Пікір қалдыру

Біздің сыныпқа Айман деген жаңа оқушы ауысып келді.Өзі де нағыз айдың өзі екен. Маңайымызды жарқыратып жайнатып жүреді. Жаңа ортаға келдім деп бізді жат сынған жоқ. Ортамызға келе сала танысып, бәрімізбен араласып,тіл табысып кетті.Сабақ үлгерімі де жақсы екен. Білмегенімізді сұрасып,бір-бірімізге көмектесіп жақын достар болып кеттік.Айман бірде маған пиано үйрегісі келетінін айтты. Мен тартынған жоқпын, сабақтан тараған соң бірден біздің үйге келдік. Мен білгенімді көрсетіп бердім. Айман қанша үйренуге тырысып бар пейілін салса да, Айманның саусақтары пиано тастарын жатырқалап, жүрмей қойды. Бір саусағын басса келесі саусағы қозғалмай қойды. Күйсандықтың ерекшелігі адамның он саусағы кірісіп күй орындайды. Ал біздің Айманның саусақтары икемге келмей қинады. Ақырында менің досым ақыл тапты. 9-саусағын жұмды да,жалғыз ғана сұқ саусағымен ойнай бастағы. Мен әзілдеп бір саусақты пианинашы деп ойнап қоям. Жақында Айманның қалған 9-саусағын пиано тастарына үйретуді жоспарладым. Егер досым айнып қалмаса! кккке

Біздің жаңа мұғалім.

Сәуір 15, 2014 Пікір қалдыру

Біздің белглі бір себептермен класс жетекшіміз ауысты.Жаңа мұғалім өте биязы, сыпайы,әдемі мұғалім екен. Бізге еш уақыт ұрыспайды. Мұғалімнің бар ұрысқаны қойыңдар балалар! ұят емеспе-деп қана айтқаны. Сыныптың балалары тәртіпсіздік істеп бүлдіріп қойса да оған көзжұма қарап, жай сөзбен түсіндіріп айтады. Наурызда сынып бойынша мұғалімнің үйіне көже қыдырып бардық. Мұғалім қонақтары бар болса да бізді жылы қарсы алып жеке дастархан жайып, наурыз көжеден ауыс тигізді. Мұғалімнің ұйымдастыруымен мұғалімдерге де арнайы концертте қойып тастадық.Мұғалімге бауыр басып қалдық.Ұзағынан сүйіндірсін! ккккк

Санаттары:Менің сыныбым.

Менің темір досым.

Сәуір 9, 2014 Пікір қалдыру

Менің темір досымның есімі Гүлдәурен. Біз бір сыныпта оқимыз. Біз бірге тумасақта бірге ойнап, бірге жүретін апалы-сіңілілерміз . Темір досым деп отырғаным , ауыр зіл темір көтеретін спорттың түрімен айналысады. Талай рет ел біріншілігінде күміс пен қоланы қанжығасына байлаған. Қыз болса да осы спорттың түрін жақсы көріп, айналысатынына таңбыз. Кейде оны балалар мазақтап «штанк қыз» деп те шақырады. Оған еш өкпелеп, шамданбайды. Өзі ашық-жарқын мінезді, ибалы да қаракөз қазақ қызы. Әрқашан өзі де күліп, басқаларды да күлдіріп жүреді. Монголия қазақтарынан темір көтеретін қыздар аз болғандықтан монголия қазақтарынан зіл темір көтеретін қыздардың алғашқысы болар деп ойлаймын. Досымның қолғабын киіп, мәдениетті түрде төбелесіп қоятыны тағы бар.(Бокс демекші боксытыңда дәмін көрдік артынан жазам ол жайлы ) Досымның ауыр спорт түрімен шұғылданатынына мен қызыға қараймын.

Пионинашылар сайысы.

Сәуір 9, 2014 Пікір қалдыру

Аймақта жыл-сайын пионинашылар сайысы өтіп тұрады. Осы сайысқа қатысайын деп әлем классиктерінен дайындалып жүр едім, жылында жалғыз рет болатын сайыстың бағдарламасы шыққанымен бізге ешкім хабарламаған. Мен жарыс ертеңгі күні болады деген күні ғана нотасын алдым.Түнімен папам екеміз нотасын қаріптеп шығарып, ертеңінде сайысқа қатыстым. Бірақ 2-ай бұрын дайындалған қарсыластарымен 1-күн ғана дайындалған менің арам жермен көктей екедігі түсінікті. Берілген тапсырма Бургмелдің шығармасы «La bergeronnete» еді. Мен оны толық ойнағаныммен 16-лықпен жылдам ойналатын ноталарды мен жай ойнап шықтым. Бірақ үй тапсырмасында қиын шығармаларды орындадым. Бұған төрешілер бұған қараған жоқ. Бұл жолы жарыста немқұрайлылықтың құрбаны десем де болады. Келесі жылы жарысты бір жыл күтермін! бәлем. Бұл жарыстан байқағаным ұстаздар шәкірттеріне нота үйретпейді де, жарыс болады десе әуенін жаттатып қояды. Бізде солардың біріміз . Бұл дәстүр қашан жойылады? деудің өзі де фантазия.10157298_497806110320029_2140293499_n

Санаттары:Әнгімелерім

Қарайып қаппын

Сәуір 23, 2013 Пікір қалдыру

Біраз уақыт блогыма кіре алмадым қарайып қаппын бастауыштан 6- сынып оқымай барлығымыз 7 сыныпқа секірдік сабақ аур болды Бұрын жалғыз ұстаз сабақ беруші еді қазір 20 таяу мұғалімдер сабақ береді. Әр мұғалім әр қыйлы.Кейбірі тапсырманы ұиіп төгіп берсе кеибірі сумкасын класта қалып сабақ ұйретеді.Кей бірі бағаны өліп өшіп қойса кей бірі бағаға сараң келеді.Баға сөзін әтей айтып отырмын.Кей ұстаз ұйрететін сабағын бағаға байланстырып айтады әйтеу.Кей бір ұстаз сабағы 450 миутқы сыйдыра аламй әуре кейбір ұстаздың өзін көрмей әуреміз.Ен қызық жері мектеп бастығы басын сыйпап кунінде 3 келеді класымызға ол жайлы жеке жазба арнағым келеді.Міне жоғары клас оқушысымын әр ұстаздың әр қыйлы әркетінде ұғыну бізге қыйын тиіп жатыр.Деседе ұстаздарымды жақсы көреміз.

Санаттары:Менің сыныбым.

Анашым

Сәуір 17, 2013 Пікір қалдыру

Әр адамға үлгі болған,
Ана деген асыл адам.
Мені бағып қаққаныңа
Асыл анам рахмет саған.
Еркелеттің «құлыным» деп
Тентегім деп «бұзығым» деп
Бетімнен қақпай өсірдің
Қателігімді кешірдің
Бала болып ойнадың меніменен
Көп көңілді күн өткіздім өзіңменен
Мейірімің көрінген жүрегіңнен
Сен болсаң жанымда көңілденем.
Әр қашан да аяулы анам мені қолдап,қорғайсың
«Қайда балам жүр екен»-деп алаңдайсың, ойлайсың
Мәңгі біздің ортамызда жүре берші жадырап
Асыл анам әр-қашанда сен бақытты болғайсың!

Тамақ іше салып далаға жүгірмеңіз

Тамыз 5, 2011 Пікір қалдыру

Түнгі тамаққа дайын кеспе жеген едік.Тамағымды сіңірмей тура далаға шыққамын.Содан кейін ішім біршама ыңғайсызданып ішім ауырды.Ештеңе қылғамын жоқ.Дәрі де ішпедім.Жарым сағаттан кейін ұйықтадым.Түс көріп жатыр едім.Құсқым келді.Далаға шығып құсып үйге келіп тағы құстым.Бұл менің ауырғандарымнан ең үлкені болды. Түнімен ауырып шықтым.Таңертең дәрігерге барайық десекте ауырып бара алмадым.Мамам бұл жел қарысқаннан деді.Мамам маған аулада өсіп турған жалбызды жұлып әкеп қайнатып берді.Мен құлан таза айықтым.Сіздерге айтарым, тамақтарыңызды сіңірмей далаға шықпаңыздар.Солай ауырып қалсаңыздар жалбызды қайнатып ішіңіздер! Жалбыз жұмыршақ ауруларына және іш кепкенге таптырмас дәрі екен.Сосын мамам жалбыз бастың қысымынада дәрі деп айтты. Ауладағы бір шөптің өзі осынадай дәрі болғанына қайранмын.Енді әр шөптің нендей пайдасы бар екен деп ойлап жұрмін.

Санаттары:Меніңше