Тамақ іше салып далаға жүгірмеңіз

Тамыз 5, 2011 Пікір қалдыру

Түнгі тамаққа дайын кеспе жеген едік.Тамағымды сіңірмей тура далаға шыққамын.Содан кейін ішім біршама ыңғайсызданып ішім ауырды.Ештеңе қылғамын жоқ.Дәрі де ішпедім.Жарым сағаттан кейін ұйықтадым.Түс көріп жатыр едім.Құсқым келді.Далаға шығып құсып үйге келіп тағы құстым.Бұл менің ауырғандарымнан ең үлкені болды. Түнімен ауырып шықтым.Таңертең дәрігерге барайық десекте ауырып бара алмадым.Мамам бұл жел қарысқаннан деді.Мамам маған аулада өсіп турған жалбызды жұлып әкеп қайнатып берді.Мен құлан таза айықтым.Сіздерге айтарым, тамақтарыңызды сіңірмей далаға шықпаңыздар.Солай ауырып қалсаңыздар жалбызды қайнатып ішіңіздер! Жалбыз жұмыршақ ауруларына және іш кепкенге таптырмас дәрі екен.Сосын мамам жалбыз бастың қысымынада дәрі деп айтты. Ауладағы бір шөптің өзі осынадай дәрі болғанына қайранмын.Енді әр шөптің нендей пайдасы бар екен деп ойлап жұрмін.

Categories: Меніңше

Менің кішкене пианином.

Тамыз 5, 2011 Пікір қалдыру

Менің жақсы көретін музыкалық аспабым пианино.Мен пианионы кішкене кезімнен бастап ұнатам.Әрқашан менің пианом болса екен деп армандайтынмын.Шай ішсек шайтақтайдың үстін пианино ойнаған сияқты шұқылап отыратынмын.Оны папам біліп қойдыда саған пианино алып берем жыбырламай шайыңді іш дегені есімде.Папам уәдесін бұзған жоқ, міне маған балаларға арналған шағын сазды аспап алып берді.Мен онымен түрлі -түрлі әндерді түсіріп үйреніп жұрмін.Қанша жыл музыка сабағын көрсекте әлі нота білмейтініміз өте жаман .Музыка сабағының мұғалімі Фортепиано музыканын көкесі дегені есімде.Менде өзімнің ұнататын пианином бар.Ендігі тілегім осы пианиномды жақсылап меңгерсем деймін.Қазірше әндерді аздап түсіре бастадым.

Жазғы демалысымда сақсайға апама бардым

Тамыз 5, 2011 1 comment

Мен биылғы демалысымды Сағсай сұмынында көңілді өткіздім.Ол жақта бәрі аймақтағы сияқты.Бірақ оларда жайлаудағы сияқты ешкі,сиыр асырайды екен.Сағсайда айналаң бұлақтар және жайқалған гүл.Нақты жайлаудағы сияқты.Онда өзіме жаңа достар таптым.Мысалы:Жансая,Еркежан,Бөбеләй сияқты қыздармен достастым.Сағсай сұмынында таулар өте жақыннан көрінеді.Бір жаманы,шыбындары инеліктей үлкен.Шақса томпиып ісіп шығады.Біз Сағсайда папамның әпекесі яғни 3 әпекемнің үйінде тұрдық.Ағам Гимаш ағамен бірге,Әпекем Еркетай әпкемен,ал мен Еркежанмен бірге жүрдім.Еркежан менен жасы кіші болсада өзі сондай ақылды қыз.Ол маған Сағсай сұмынының балаларға арналған ойын сауық паркін тамашалап ойнатты.Кішкене сұмын болса да көркемділігіне көз жетпейді.Онда болған көңілді оқиғаларымды келесі әңгімемде біліңіздер.

Аяқ доп.
Сағсайда балалармен салқын түскенде аяқдоп ойнаймыз.Ішінде ең жақсы ойнайтын Жансаядан кейін мен.Ішінде төрт-ақ қыз бар.Қыз болсақта ұлдардан жақсы ойнаймыз.Аяқ доп ойнаған сайын Жансаяның тобы жеңеді.Менде кейде Жансаяға тарып қаламын.Сонда да жеңеміз.Айбока шалып ойнайды.Жиі ұрсысып қаламыз.Ұлсың ғой қыздарды құлатқанда не пайда,Шалғанды қой десең қоймайды шалып -шалып әдет болып кетке дейді.Адамдарды құлатып жеңгенше өз күшіңмен жең деп минут сайын айтам.Ол кей кездері келмей қалады.Келмей қалса онсыз ойынның сәні жоқтай болады.Бір қызығы айбока екеуіміз бір командаға тарып қалдық.Жансая қарсылас топта.Айбока екеміз ойнағанда допты жақсы жалғай алдық.Сол себепті Жансаялардың тобын жеңіп кеттік.Бірлік бар жерде тірлік бар деген,ұрсысқанды қойдық тату тәттіміз.Менің сүйікті ойынымның бірі аяқдоп болды.Өйткені Өлгийде көп ойнамайтынбыз енді тіпті жиі ойнайтын болдық.

Сауда саттым.
Сағсайда Ашка әпекемнің саудасын сатуға көмектестім.Ашка папамның ең кенже қарындасы.Мамандығы есепші болғанмен жұмыс жоқ қазір сауда сатып жұр.Сағсайда сауданы өте көп алады екен.Сауда сатқан өте әдемі екен.Сондай көңілді болды.Мен үйде жұргенде жиі дүкеннен сүт алушы едім.Бұл жақта да мен сияқты бір әпкей жиі сүт алды.Дүкенде өзім қалаған затты алып ойнап,қалаған нәрсемді жей бердім.Ашка әпкемнің саудасында жеребе бар екен.Аймақта жеребені көп алатынмын.Менде жеребе тартайын деп тартсам ішінен ерін бояғыш шықты.Ашка әпекем маған соны сыйға тартты.Мен оны әпекеме бердім.Сауда сатқанда бәрі мені сіңілтай деді.Менде кім күнде не алатынын біліп алдым.Күнде бір әпкей сүт алады.Ал беті сатпақ қара ұл ши кәмпит алады.Ал аузы ұлкен апай кеп ештеңе алмасада келіп өсектің түр -түрін соғады екен.Бұл бір жағы Ашка апкемнің ермегі.Ал арық сары апай ана мынаның бағысын сұрап- сұрап кетеді екен.Менің 3 кунде сауда сатқанада байқағыным осы.
Қарлығаш.
Мен ертегілерден қарлығаштар жайлы көп еститінмін.Өзін ешқашан көргемін жоқ.Өлгиде кезқұйрық қалай қаптап жүр Сағсайда қарлығаш солай емін еркін жүреді екен.Далада Еркежанмен ойнап жүргем бірдеме қыбырлайды.Қарға ғой деп ойлағам.Қарасам қарлығаш екен.Басында сенбедім соңында құйрығы айыр екенін көріп бірақ таныдым.Бойы торғайдай ғана бірақ сымбаттылау. Қара өңді екен.Қарлығашты көруді аңсаушы едім.Қарлығаштар мұнда болғаны үшін қатты құандым.Енді мен қарлығаштың қандай екенін білетін болдым.

Менің кіпкішкене бүркітім.

Шілде 30, 2011 Пікір қалдыру

Ағам бақшадан шықпай біреуді құғандай жүгіріп жүр.Не болды деп сұрап едім,Бір торғайдың жәнеден ұшып үйренген балапанын іздеп жүрмін деді.Басында қалжың болар дегем.Бірақ қасымнан бір нәрсе сып етті сонда білдім.Менде іздестім.Жалбыз қозғалып тұр.Барсам кіпкішкене балапан маған қарап тұр.Әрең ұстап алдым.Өзі бармақтан сәл үлкен.Менің бүркітім сол деп суретке түсіп алдық.Басында бізді жатырқады.Соңынан үйренісіп кетті.Жүндері үрпиіп тұр.Ұшып үйреніп жүріп енесінен қалып қойған көрінеді.Балапан сондай сүйкімді.Суретке түскен соң исіміз сініп қалмас үшін оны жалғыз қойдық.Кешке қарасақ балапан үйіне қайтқан сияқты орынында жоқ.

Кемпірқосақты ұстап алдым.

Шілде 30, 2011 2 пікір

Далаға шықсам кемпірқосақ шығып тұр екен.Өзі айдай тұнық.Осы сәтті пайдаланып қалайық деп ағам менің суретімді алды.Мен суретте кемпір қосақты ұстап алып жібертпей қойып едім ол бытырап кетті.Сол себептен ап анық болғанда менің ұстап алғанымды біліп ренжіп қалдыма деп ойлап қоям.Бірақ кемпір қосақтың қасына тағы бір кемпірқосақ шықты қайсысын ұстарымды білмей қалдым.Әйтеуір,апам тоқаш пысырды деп санап біреуін ұстап түстім.Ұстағанда кемпір қосақтың үстінен зырғып түскендей болдым.

Бекболат Тілеухан ағаға гүл ұсындым.

Шілде 30, 2011 Пікір қалдыру

Біздің аймаққа Қазақстанның атақты әншісі Бекболат Тілеуханұлы келіп театрда 2 күн концерт қойып кетті.Ол кісіні Бекең аға мен Бакір аға ертіп кепті.Қазақстан әншілерін телевиздан көргенмін , бірақ дәл көз алдымда ән салғанын Тұнығыш көруім.Бекболат аға театрды жаңғырып өзінің ұнататын әндерін домбырасын тарсылдата шертіп-шертіп орындады.Бекболат аға арасында демала қалған кезде менің ағам Нурбекте домбырамен ән салды.Көреремен жұрт Бекболаттан қалысқан жоқ -деп қол соғып бір дұрлігіп қалды.Мен Бекболат ағаға гүл апарып бердім.Аға маған:-Ой,айналайын рахмет деп искеді.Екі күнгі бұл концертте гүл ұсынғандар екеу ғана болдық,соның бірі ағам,бірі мен.Бекболат ағаның концертінде әндерінен ел жалығар емес әр әнге шапалақтарын соғып-соғып тыңдайды әндерінің саз дауысты әдемділігі көрермендерді қызықтыра түсті.Бекболат ағаның концерті сондай тамаша өтті.Енді Қазақстан әншілері біздің аймақа келіп жиі ән салып тұра берсе екен тілеймін,айтпақшы! концерт тегін болды содан ба ? елде көп жыйылыпты.

Миний баскетбол.

Шілде 29, 2011 Пікір қалдыру

Қашамызда бір бос жер бар еді оған баскетбол алаңын орнатып алдық күнде кешкісін салқын түскенде маңдайымнан тер аққанша ойнаймыз.Біздің добымыздың жерге қағылған дыбысты естісе болды көрші үйдің балалары келіп бізбен қосылып ойнайды.Өзіміз жеке ойнағаннан жалықсақта көршінің балаоарымен ойнасақ жалықпаймыз.Үйткені бір бірмізді ерен басымдылықпен еш қайсысымыз жеңе алмаймыз.Мен дузка әпкеден оп оңай жеңіліп қалам.Кей кездері бәрінен жеңілу намысыма тигенде намысқа басып тырысып екі үш гол салып жіберем.Біздің көршінің тошалы үйінің қабырғасынан бір қарыс жер қалса ғой.Тұрғызған ағашығәне қалды.Біздің добымыз тие-тие батпағы түгел түсіп қалды.Көршіміз оған ашуланбайды.Ойнап-ойнап болып басқа жерге орнататын болсаңдар қабырғамды жаңалап берерсіңдер дейді.Бізге де баскетбол ойнаған бойымыздың өсуіне пайдасы тиді.Менің бойым ағама жетуге таяп қалды.Бұл миний баскетболдың арқасы!Сабақа кіргенге деиін бойым ағамнан биік болып оның төбесінен қарап жүрсем ғой шіркін.

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.